16 ақпан 2024 14:12

"Тек Астанада". Полицей велосипедшіні неге қуды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

TikTok желісінде қызық видео тарап, талқыланып жатыр. Кадрда полиция қызметкерінің велосипед мінген адамды қуып бара жатқанын көруге болады. Толығырақ ІІМ айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


TikTok желісінде қызық видео тарап, талқыланып жатыр. Кадрда полиция қызметкерінің велосипед мінген адамды қуып бара жатқанын көруге болады. Толығырақ ІІМ айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео 15 ақпанда жарияланған. Көліктен түсірілген кадрларда полицейдің велосипедшіні қуып жетуге тырысқаны көрінеді. Бейнебаянға Эльбрус Джанмирзоевтың "Мелодия дождя" әні қойылған.

"Жылдамдықты асырған шығар";
"Қыста велосипед тепкені үшін айыппұл салмақ болған ғой";
"Ол жазғы дөңгелекпен жүр";
"Менің ойымша, велосипедшінің фарасы жанбаған";
"Тек Астанада адамдар қыста велосипедпен жүреді", - деп жазып жатыр TikTok қолданушылары.

Іс жүзінде не болғанын Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі түсіндірді. Велосипедші құлаққап тағып алып, полицейлердің тоқтау туралы талабын естімеген болып шықты.

"14 ақпанда Шыңғыс Айтматов көшесінде құлаққап таққан 38 жастағы велосипедші жол жиегінде келе жатып тоқтау туралы талапты елемеген. Велосипедшімен жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізілді", - деді ІІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети