02 маусым 2017 17:12

Темір Гена. Алматылық 50 мың шегеден Головкиннің бейнесін жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық шебер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ерекше бейнесін салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматылық шебер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ерекше бейнесін салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сурет авторы Алмат Талғатбекұлы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында үш метр болатын суретті салуға 45 күн және 50 мың шеге жұмсағанын айтты. Боксшы бейнеленген суреттің салмағы 150 келі болған. 

Алмат Талғатбекұлы бұл суретті сатуға ниетті еместігін, алайда, көпшілік назарына ұсынуға қарсы еместігін айтады. 

"Әзірше бұл суретті сататын ойым жоқ. Суретті аяқтадым, бүгін-ертең жиектерін жасаймын. Жасауын жасадым, енді, бес адамнан тұратын менің отбасым ғана емес, жұртшылықтың тамашалағанын қалаймын", - дейді ол. 

"Головкин - темірдей мінезді адам! Суреттің аты "Темір Гена", - деп атап өтті суретші. 

Суретті неге дәл осы стильде салдыңыз деген сұраққа Азамат Талғатбекұлы өзін суретші емес, шыдамды адам деп есептейтінін айтып жауап берді. 

"Арқам мен мойным әлі ауырып жүр. Бірақ бұл еңбек соған лайықты", - деп аяқтады сөзін автор. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети