06 қазан 2020 14:56

Теміртау әкімі достарынан қымбат жол талғамайтын көлік алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: karaganda-region.gov.kz Фото: karaganda-region.gov.kz

Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегимов достарынан қымбат жол талғамайтын көлік алды және жұртшылық мұны қызу талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегимов достарынан қымбат жол талғамайтын көлік алды және жұртшылық мұны қызу талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртау тұрғындары жаңа қала басшысының қара Тoyota Land Cruiser 200 көлігін мініп жүргенін көреді. Олар әкім мұндай қымбат көлікті қайдан алды екен деп түрлі болжам жасады. Кейін Қайрат Бегимов көлік досына тиесілі екенін және оған уақытша бергенін мәлімдеді.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, әкімнің Кia Mahave қызметтік көлігі 20 тамыздан бері жөндеуде тұр. 

"Қайрат Бегимовке Кia Sorento берілді. Бірақ ол көлік бұзылып қалды. Сондықтан қала басшысы достары уақытша айдай тұруға берген көлікпен жүрді", - деді Теміртау әкімдігіндегілер.

Сондай-ақ ведомстводағылар әкімнің қызметтік көлігі 25 қыркүйекте жөнделгенін айтты. 

Сондай-ақ Қайрат Бегимов мінген жол талғамайтын көлік Қарағанды облысы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент мамандарының назарына ілікті. Енді олар да көліктің мән-жайын тексеріп жатыр, нәтижесін кейін хабарлайды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды қаласының экс-әкімі Нұрлан Әубәкіровтің қымбат сағатын әлеуметтік желі пайдаланушылары қызу талқыға салған. Кейін ол қызметінен кетті. Ал 30 қыркүйекте Нұрлан Әубәкіров "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны хабарланды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети