26 қараша 2014 17:24

Теміртау гимназиясында ата-аналар балаларының сабағын онлайн-режимде бақылай алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Теміртаудағы Әубәкіров атындағы гимназияда ата-аналар балаларының сабағын онлайн-режимде бақылай алады, - деп хабарлайды "еТемиртау". Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда бұған ұқсас бейнебақылау жүйесі әлі жоқ, ал бұл гимназия жаңа жүйеге қазан айының басында тегін қосылған.


Теміртаудағы Әубәкіров атындағы гимназияда ата-аналар балаларының сабағын онлайн-режимде бақылай алады, - деп хабарлайды "еТемиртау". Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда бұған ұқсас бейнебақылау жүйесі әлі жоқ, ал бұл гимназия жаңа жүйеге қазан айының басында тегін қосылған.

Бейнебақылау ғимараттың барлық кабинетіне орнатылған. Осы жүйенің арқасында гимназия басшылығы кез келген келеңсіздік пен оқушы мен ұстаздар арасында болып тұратын түсініспеушіліктерді реттей алады. Осы күнге дейін үш ұялы телефон ұрлығының жолы кесілді.

Ата-аналар балаларының сабағын онлайн бақылай алуы үшін Интернетті пайдаланады. Гимназия директоры Сергей Урываевтың айтуынша, ата-аналарға логин мен құпия сөз берілген, оның көмегімен онлайн режиміне қосылып, сабақ барысын көруге болады. Урываевтың сөзіне қарағанда, ата-ана кез келген кабинеттегі сабақты бақылай алады. "Ата-ана кез келген кабинеттегі баласының сабағына онлайн қатыса алады, себебі біз бейнебақылауды сабақ кестесі бойынша орналастырдық. Мысалы математика пәні 310-кабинетте болса, ата-ана сол кабинетті ғана көре алады", - деп түсіндірді гимназия директоры.

Ата-аналарға балаларының сабағын онлайн бақылау жаңа жүйесі қатты ұнаған. "Балалар сабақ үстінде аса жауапты, салмақты, ал үйде жалғыз, қанша сөйлессек те, мектепте мүлдем басқа. Сабақ үстінде өздерін байсалды ұстайды", - дейді ата-аналардың бірі.

Гимназия басшысының айтуынша, бейнебақылауды тек сабақ барысын бақылау үшін ғана емес қауіпсіздікті сақтау үшін де қолдануға болады. Себебі бұл камералар гимназияға келушілерді түсіріп қана қоймай, іздеуде бар-жоғын да бірден анықтай алады. "Егер құқық қорғау органдарының дерекқорында іздестіру жарияланған адам жайында мәлімет болса, және ол ғимаратқа кірсе, бірден дабыл қағылады", - деді Урываев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети