25 сәуір 2020 12:13

Теміртауда 13 жастағы қыз коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген коронавирустың жаңа жағдайлары туралы Мемкомиссияның жедел штабы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген коронавирустың жаңа жағдайлары туралы Мемкомиссияның жедел штабы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды қаласында вирус жұқтырған екі адам тіркелді. Біріншісі 1965 жылға ер адам, ол пульмонологиялық госпитальға жатқызылды. Екіншісі 1979 жылғы ер адам, мұның алдында ауырған науқаспен байланыста болған соң карантиндік госпитальға жатқызылған.

Теміртау қаласында бір жағдай тіркелді. Ол 2007 жылы туған қыз, ол коронавирус жұқтырған пациентпен байланыста болғандықтан карантинде жатқан. 

Павлодар облысында 12 жаңа жағдайы тіркелді.

COVID-19 Екібастұз қаласының 10 тұрғынынан анықталды, олар 1998 жылғы әйел мен 1969, 1970, 1972, 1973, 1980, 1983, 1991,1996 жылы туған ер адамдар және 2008 жылғы жасөспірім қыз.

Сондай-ақ, КВИ Павлодар қаласының екі тұрғынында расталды, ол 1980 жылы дүниеге келген ер адам мен 1966 жылғы әйел. 12 жағдайдың ішінде 11 пациент бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған және 1 пациент жақын байланыста болған. 

Барлық жағдайларда байланыста болған адамдардың шеңбері анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Батыс Қазақстан облысында инфекция жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Екеуі де 1964 және 1991 жылы туған Түркістан облысының тұрғындары, олар Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейді.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырған барлығы 2482 адам бар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети