24 ақпан 2023 10:56

Теміртауда алып бала дүниеге келді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда "Ана мен бала" көпсалалы орталығында салмағы 5055 грамм батыр бала дүниеге келді. Анасы нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртауда "Ана мен бала" көпсалалы орталығында салмағы 5055 грамм батыр бала дүниеге келді. Анасы нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Босанған әйел ауруханаға 22 ақпанда түскен. Салмағы 5055 грамм, бойы 57 сантиметр ұл бала дүниеге келген.

"Әйелдің бұл төртінші баласы. Қазіргі уақытта анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында "ана мен бала" палатасында. Жағдайлары қалыпты.

Акушерлікте үлкен салмақты балалардың туылуы жиі кездеседі, яғни бұл 4000 г-нан асатын балалар, олар үлкен болып саналады. Ал салмағы 5000 грамнан асатын сәбилер алып балалар тобына жатады", - делінген хабарламада.

2022 жылы үлкен салмақпен - 54 нәресте, алып салмақты -10 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде ең үлкені Облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығында дүниеге келген, салмағы - 6520 грамм.

2023 жылдың ағымдағы кезеңінде үлкен салмақты 4 сәби дүниеге келді, оның біреуі "Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығында".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети