04 ақпан 2023 08:58

Теміртауда балабақшада медбике мен тәрбиешінің төбелесі видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда балабақшада медбике мен тәрбиешінің төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртауда балабақшада медбике мен тәрбиешінің төбелесі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода оқиға Теміртаудағы "Әдемі" балабақшасында болғаны айтылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от •ДЕВЧАТА• (@devchata.09.region)

"Әдемі балабақшасы. 30 қаңтарда болған оқиға. Медбике тәрбиешіге тап берді. Жанжал басталып кетті. Былапыт сөз айтылып, балалардың көзінше төбелес басталып кетті. Балалар үйге барғаннан кейін осы оқиға туралы айтып берген. Балалар медбикеден қорқатынын айтқан. Бұл олардың психикасына әсер етті", - делінген видеода.

Жазбадағы мәлімет бойынша, медбике әлі балабақшада жұмыс істеп жүр.

Видео Желіде қызу талқыға түсті. Аудитория екіге бқлінген. Бірі медбике жанжал шығарғыш адам екенін айтса, енді бірінің сөзінше, істің мән-жайын анықтау керегін айтады.

Теміртаудың білім басқармасы видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

"Әдемі балабақшасының әкімшілігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы полиция бөліміне арызданды. Бұл мәселе Теміртау қаласының Білім басқармасының қатаң бақылауында", - деді ведомство өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети