30 қазан 2020 15:46

Теміртауда полицейлермен төбелескен жүргізушілер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда полиция қызметкерлерімен төбелескен жүргізушілер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртауда полиция қызметкерлерімен төбелескен жүргізушілер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға осы жылдың ақпанында болған. Жүргізушілер енгізілген шектеуге қарамастан жолға шыққан. Олар тәртіп сақшыларының талабына бағынбаған.

Екі жүргізуші бұл әрекеті үшін сот алдында жауап берді. Тергеу мәліметінше, олар полицейлерге қарсылық көрсеткен.

Бұл факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Іс Теміртау аудандық сотында қаралды.

Тергеу барысында екі күдіктінің Өзбекстан тумалары екені анықталды.

"28 ақпанда олар көктайғаққа қарамастан жолға шығып, блокбекеттен өтіп кетпек болған. Полиция қызметкерлердің талабына бағынбай, оларға қарсылық көрсеткен. Қызметтік УАЗ көлігіні жолдан алып тастаған. Ескертулерге қарамастан жолдың қауіпті бөлігіне өтіп кеткен", - делінген хабарламада. 

Сотта қылмыстық іс процессуалдық келісіммен қаралды. Сотталушылар өз кәсін мойындап, прокурормен келісімге келді. Бұл жағдайды ескере отырып, сот оларды айып тағылған бап бойынша кінәлі деп таныды. Сот күдіктілердің бірін 1,6 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды және ол пробациялық бақылауда болады. Екіншісі 1,6 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды, әрі ол елден шығарылып, оған бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети