Tengrinews.kz фотографы "Үркер 2018" жүлдесін иеленді

28 Маусым 2018, 21:53
0
Tengrinews.kz фотографы "Үркер 2018" жүлдесін иеленді -

"Үздік фотография" аталымы бойынша "Үркер" жүлдесін Tengrinews.kz фотографы Тұрар Қазанғапов жеңіп алды.

Журналистика саласындағы "Үркер 2018" жыл сайынғы жүлдесін марапаттау рәсімі Астанадағы ҚазМедиаОрталықта өтті. 

Фотографқа мүсін мен бір миллион теңге табыс етілді.  

Тұрар Қазанғапов ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен өз басшылығына алғыс айтты. Ол Қазақстан фотографтарына дамып, халықаралық жүлделерді иеленуді тіледі.

Үздік фото аталымында жүлдесіне National Geographic басылымынан Жайнар Дәркембаев, "Казахстанская правда" фототілшісі Игорь Бургандинов "Жас Алаш" газетінен Досжан Балабекұлы үміткер болған.

Тұрар Қазанғапов Қазақстанның түкпір-түкпірінен жасаған әсерлі фоторепортаждарымен белгілі.

Ол тілші Ренат Ташқынбаевпен бірге еліміз бен әлем бойынша саяхаттап, қарапайым жандардың оқиғаларын, ерекше жерлерді және көптің байқай бермейтін таңғалдырарлық сәттерді жинайды.

Самый грустный репортаж. Зачем казахстанцы раскапывают черепа?

Фотографтың еңбектерін оның жеке Instagram-парақшасынан немесе Tengrinews.kz сайтынан тамашалай аласыздар.

 

 

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай