21 желтоқсан 2022 12:00

"Теңізшевройл" қазақстандық кәсіпкерлер үшін арнайы жоба бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жобаның басты бетінен скриншот Жобаның басты бетінен скриншот

Tengrinews.kz Қазақстанның жетекші мұнай өндіруші компаниясы - "Теңізшевройлмен" (ТШО) бірлесе отырып, қазақстандық кәсіпкерлер үшін "Бизнес-мектеп: Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?" атты арнайы жобасын қолға алады.


Tengrinews.kz Қазақстанның жетекші мұнай өндіруші компаниясы - "Теңізшевройлмен" (ТШО) бірлесе отырып, қазақстандық кәсіпкерлер үшін "Бизнес-мектеп: Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?" атты арнайы жобасын қолға алады.

Бизнес-мектептің орыс және қазақ тілдеріндегі арнайы нұсқасында мәтіндік, аудио және бейне форматтарда қазақстандық және шетелдік сарапшылардың пікірлерімен кейстер жарияланады. Олар әлеуетті жеткізушілерді мұнай-газ саласындағы халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату үшін қажет талаптармен таныстырады. Оның ішінде сатып алу ерекшеліктері, "СТ-KZ" сертификатын алу, корпоративтік мәдениет және басқасы бар. Сарапшылар халықаралық компанияларға өтініш беру кезінде жеткізушілерде жиі кездесетін қатеден қалай арылу керегін түсіндіреді. Сонымен қатар, әлеуетті жеткізушілер даму кезеңінде жаһандық компаниялардың жобаларын "оқуды" үйренуді, жобаларды жүзеге асыру кезінде тұтынушыларға қандай қызметтер мен тауарлар қажет болуы мүмкін екенін түсініп, үйрене алады.

Біз арнайы жобада "Теңізшевройлмен" ынтымақтастықта сапа мен қауіпсіздіктің жоғары талаптарының арқасында өндірістің жаңа деңгейіне шыға алған түрлі өңірден келген қазақстандық кәсіпкерлердің табыс сырын бөлісетін боламыз. Шабыт сыйлайтын оқиғалардың бірі - Қазақстанда теңдесі жоқ бірегей өндірісті дамытатын атыраулық кәсіпкер Сәкен Мұратовқа арналған.

Сәкен Мұратов

Ал ақтөбелік бизнесвумен Ботагөз Тайбукенова оқырмандарымызға жұмсақ контейнерлер тігу барысындағы тәжірибесі мен өмірлік жолы және ТШО неге оның компаниясымен келісімшарт жасауды шешкенін айтып береді. Жаңалықтар легінен құр қалмаңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети