24 ақпан 2016 12:14

Терісі сыпырылған есектерге қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ВКонтакте" желісінен алынған сурет "ВКонтакте" желісінен алынған сурет

Қызылорда облысында екі адам есектердің терісін сыпырып алып, оларды сатумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Анарбаев тілшіміздің ресми сауалына берген жауабында жазды.


Қызылорда облысында екі адам есектердің терісін сыпырып алып, оларды сатумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Анарбаев тілшіміздің ресми сауалына берген жауабында жазды.

Ақпан айының ортасына таман әлеуметтік желіде өлі есектердің суреті жарияланып, оның авторы Қызылорда облысындағы өзі тұратын ауылда есектердің терісінің сыпырылып жатқанын жазды. Қолданушы оқиғаның нақты қай ауылда болғанын көрсетпеген, алайда суреттен он шақты есектің терісі сыпырылып, айналаның қан болып жатқанын көруге болады.


"ВКонтакте" желісінен алынған суреттер

Бұл жазбаға қалдырылған пікірлердің арасында есектердің етін сатылымға шығаруға қатысты жазылған комментарийлер болды. Алайда автор бірнеше күннен кейін жазбасын өз парақшасынан өшіріп тастады. Осыған байланысты облыстық ІІД-ге ресми сауал жолданып, мынадай жауап алынды:

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде орналастырылған ақпараттың жойылуына байланысты жазба авторынан тиісті мәлімет алу мүмкіндігі болмады. Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде есектің етін сатылымға шығару деректері тіркелмеген. Алайда есек малының терісін пайдаға асыру мақсатында сойып, терісін сылып алу фактілері тіркеліп, аталған деректер бойынша тиісті тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, биыл 2 ақпанда Сырдария ауданының тұрғыны мал қорасынан бір бас есек малының жоғалып кеткені жайлы арызданған болатын. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бiрнеше рет, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, жүргізілген шаралар нәтижесінде осы ауданның 2 азаматы ұсталды. Тергеп-тексеру барысында аталған азаматтардың есек малын сойып, терісін сатып жібергені анықталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр". Айта кетейік, олардың бұл қылмысы дәлелденген жағдайда мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін. 

ІІД мәліметінше, саудаға түскен еттердің "есектікі" болмауына, тамақ өнімі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұтынушылардың денсаулығы мен санитарлық-гигиеналық талаптарының бұзылмауына санитарлық-эпидемиялық қызмет мамандары жауапты және бұл салада құқықбұзушылық анықталса сала мамандарымен тиісті әкімшілік шара қаралады. Ал егер есек етін сату дерегі тіркеліп, санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда бұзу, адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соққан жағдайда ішкі істер департаментінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы ("Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартады.

"Кез келген құқықбұзушылықтың алдын алу, жолын кесу, болдырмау бағытында ішкі істер департаменті тарапынан тиісті алдын алу шаралары қабылданады", - дейді департаменттегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети