21 мамыр 2021 16:05

Тиімді күрес дей алмаймыз - Тоқаев ЕАЭО-дағы кедергілер туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сауда белсенділігі қалыпқа келуіне байланысты ЕАЭО ішінде сауда дамуына тосқауыл болатын кедергілер жойылмайды деп қауіптетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сауда белсенділігі қалыпқа келуіне байланысты ЕАЭО ішінде сауда дамуына тосқауыл болатын кедергілер жойылмайды деп қауіптетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жолында өзекті мәселелерді - өзара саудадағы кедергілерді шешу қажет. Локдаун кезеңінде олардың саны артты. Сауда белсенділігі қалпына келген сайын кедергілер өздігінен кетпейді деген қорқыныш бар. Бұл шектеулер сауда-экономикалық қатынастардың дамуына нұқсан келтіреді, одақтың өсу және даму әлеуетін шектейді", - деді Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде.

Тоқаев Қазақстан нарыққа қатысушы бүкіл елге тең жағдай жасауды қолдайтынын айтты.

"Комиссияның кедергілермен күресі үздіксіз сипатқа ие. Кедергілерге қарсы күресті қазір тиімді деп атауға болмайды. Бұл ұлттық деңгейде қабылданған шешімдердің салдарымен күрес. Экономикалық интеграцияға жауапты министрліктер, тіпті осы шектеулер мен кедергілер енгізілетін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезеңінде де барынша ұстанымды білдіруге тиіс деп санаймын. Сондай-ақ, одақ шеңберінде тосқауылдар мониторингінің және ішкі НҚА-ға сәйкестігінің ұлттық жүйелерін құру туралы ойлану қажет", - деді мемлекет басшысы.

Шараға Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети