23 қазан 2020 13:04

ТЖМ автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР ТЖМ автокөлік иелеріне қысқы шиналарға көшуге кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР ТЖМ автокөлік иелеріне қысқы шиналарға көшуге кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді. Өйткені күз мезгілінің келуіне орай жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі жиілейді.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша қарашада жауын-шашын болады (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел, сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет.

"Жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауа температурасының төмендеуінен, сондай-ақ жауын-шашын болған жағдайда жолдың бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы доңғалақтардың тежелу қабілеті нашарлайды. Осының салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін. Көліктің доңғалағын қысқы шинаға ауыстырмаған жүргізушілер тізгінге ие бола алмай, жолда күтпеген оқыс оқиғаларға тап болуы әбден мүмкін. Осылайша, олар өздерінің және жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді", - делінген хабарламада.

Күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ҚР ТЖМ ауа райының өзгеруі, метеорологиялық мәліметтерді, ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынады. Ескертулер кезінде ұзақ сапарға шықпағандарыңыз абзал.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети