29 тамыз 2021 14:16

ТЖМ басшысы жарылыстан қаза тапқандардың марапатын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:emer.gov.kz Фото:emer.gov.kz

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысындағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандар неге түрлі наградалармен марапатталғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысындағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандар неге түрлі наградалармен марапатталғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біріншіден, Жамбыл облысындағы қайғылы жағдайда қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, бүгінгі таңда 13 адам қаза болды.

Өкінішке қарай, үш адамның мәйіті әлі анықталмады, жарылыс ошағында тағы үш адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сондықтан, қазір Мемлекет басшысының жарлығымен Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің анықталған қызметкерлері ғана марапатталды.

Қалған қызметкерлер ДНҚ-сараптамасымен анықталып немесе денесі табылғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынылады", - деді Юрий Ильин.

Бұл ретте министр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қызметкерлердің ісіне жоғары баға бергені үшін ризашылығын білдірді.

"Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары "Халық хақарманы" атағын алды. Ол бірінші жарылыс болған кезде эвакуациялық жұмыстарды жүргізіп, өртті сөндірудің ұйымдастырылуын бақылады. Оқиға орнында болған қызметкерлердің сөзінше, ол бірнеше адамды қауіпті аймақтан алып шықты. Содан кейін екінші күшті жарылыс болып, ол қаза тапты", - деді Юрий Ильин.

Сондай-ақ, ТЖМ басшысы барлық офицер бірінші дәрежелі "Айбын" орденімен, ал қатардағы қызметкерлер үшінші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталғанын айтты.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Ал бүгін Президент қаза тапқандарды марапаттаған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети