ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда өрт қаупі бар маусым басталды. Тек бүгіннің өзінде мемлекеттік орман қоры аумағында үш өрт тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда өрт қаупі бар маусым басталды. Тек бүгіннің өзінде мемлекеттік орман қоры аумағында үш өрт тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 0,41 гектар болатын 3 орман өрті тіркелді, оның ішінде орман алқабы 0,01 гектар, ормансыз алқап 0,4 гектар.

"Өрттің екеуі оқшауланып, біреуі толығымен жойылды. Барлық өрт ошағы дер кезінде анықталып, орман күзеті күшімен жедел сөндірілді", - деп хабарлады министрлік.

Экология министрлігі мемлекеттік орман қорына келетін айтарлықтай шығынның алдын алу мүмкін болғанын атап өтті.

ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында ТЖМ басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар жүргізі жатыр. Орман шаруашылықтарында қосымша механикаландырылған патрульдер жұмыс істейді: олар сегіз орман мекемесін қамтиды, өрт ошақтарын барлау және жедел сөндіру үшін 12 уақытша бекет құрылды. Өрт қаупі бар аймақтарда су ағызу құрылғылары бар тікұшақтар да кезекшілік етеді.

Маусым басталғалы бері табиғат қорғау және орман қызметтерінің қатысуымен 130 өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Сонымен қатар Қазақстан шекара маңындағы табиғи өрттер кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау үшін Ресей және Қырғызстан ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп үш оқу-жаттығу өткізді.

Орманды дала аймақтарында ТЖМ, полиция және орман қызметі қызметкерлерінің бірлескен рейдтері өтіп жатыр. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 1,6 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл сомасы 33 миллион теңгеден асты.

ТЖМ өрт қаупі бар кезеңде құрғақ шөпті жағуға, ормандарда және ауыл шаруашылығы алқаптарына жақын жерлерде от жағуға, сондай-ақ сөндірілмеген темекі тұқылын, сіріңке мен басқа да тұтану көздерін қалдыруға тыйым салынатынын ескертеді. Өрт анықталған жағдайда бұл туралы дереу шұғыл қызметтерге хабарлау қажет.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@minecology_kz жарияланымнан


Күн жылынғалы Қазақстанда әртүрлі аумақта: көпқабатты және жеке үйлерде, саябақтарда өрт оқиғалары жиі тіркеліп жатыр. Жақында Алматы хайуанаттар бағы аумағында өрт шықты. Абырой болғанда адамдар да, жануарлар да зардап шеккен жоқ.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +22
Ақтау +23
Ақтөбе +22
Атырау +27
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +22
П
Павлодар +18
Петропавл +22
С
Семей +20
Т
Талдықорған +25
Тараз +27
Түркістан +21
О
Орал +18
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер