27 қазан 2022 09:36

ТМД елдері қашқын жемқорларды бір-біріне беруге келісті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ТМД елдері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарды іздеу, ұстау және ұстап беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.


ТМД елдері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарды іздеу, ұстау және ұстап беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

26 қазанда бейне-конференция форматында құрамына Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы кіретін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (СЖҚІМАК) 7-отырысы өткені хабарланды. СЖҚІМАК өз қызметінде ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне есеп береді. Биыл Қазақстан кеңеске төрағалық еткен.

Жыл бойы агенттік кеңеске қатысушы елдердің құзыретті органдарымен және ТМД-ның атқарушы комитетімен бірлесіп, 2008 жылы әзірленген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісім жобасын мемлекетішілік және мемлекетаралық келісу бойынша үлкен жұмыс жүргізген, ол бойынша консенсусқа және өзара қолайлы редакцияға қолжеткізілді.

14 қазанда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті, оның шеңберінде мемлекет басшылары осы келісімге қол қойды, оны кеңес қызметінің құқықтық негізі деп тануға болады.

Келісімнің қолданылуы құқық бұзушылықтармен күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында келісілген саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ететін болады, атап айтқанда:

  • сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетілетін;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізілетін;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару саласында ынтымақтастықты жүзеге асырылатын;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылатын және пайдаланылатын;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленетін;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылатын;
  • кадрлардың біліктілігі арттырылатын және т.б. жүзеге асырылатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети