01 шілде 2019 17:36

ТМД елдері сейсмикаға төзімді құрылысты дамытуды шешті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы халықтың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында күштерін біріктіреді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы халықтың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында күштерін біріктіреді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы мақсатта Қазақ ғылыми зерттеу және жобалау институтына ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылыс мәселелері жөніндегі базалық ұйым мәртебесі берілді.

Сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту үшін маңызды шешім өткен ТМД елдерінің Экономикалық кеңесінің 82-отырысында қабылданды.

ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы Базалық ұйымды құру күрделі және ғылымды қажет ететін білім саласында қажетті шешімдерді белсенді және жылдамырақ қабылдауға, жер сілкіністерінің салдарын алдын-алу және тиімді жою бойынша ұсыныстар қалыптастыруға, ТМД елдерінде маңызды тіршілік әрекетінің объектілерін жедел қалпына келтіру әдістемесін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Базалық ұйым сондай-ақ сейсмикаға төзімді құрылыс саласында нормативтік құжаттарды үйлестіру және жетілдіру және ТМД қатысушы мемлекеттерінің сейсмикаға төзімді құрылысы саласында бірыңғай нормативтік база құру арқылы келісілген техникалық саясат жүргізуге жетекшілік ететін болады.

Әсіресе эксперименталдық зерттеулердің күрделілігін, еңбек сыйымдылығын және залалдылығын ескере отырып, Базалық ұйым құру сейсмикаға төзімді құрылыстың теориясы мен практикасын тиімді дамыту үшін ТМД елдерінің ғылыми әлеуетін, қаржылық, техникалық және басқа да мүмкіндіктерін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети