Төбелескен Үндістан азаматтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды - ІІМ басшысы

05 Қыркүйек 2017, 12:37
0
Төбелескен Үндістан азаматтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды - ІІМ басшысы -

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "Абу Даби Плаза" маңындағы төбелестің тергеу барысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кінәлілер түгелдей анықталды. Жауап алынып жатыр, бетпе-бет кездесу өткізіп жатырмыз. Көшеде төбелеске Үндістанның 30-40 адамы қатысқан. Сот олардың депортациясы мәселесін шешеді. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп мәлімдеді ІІМ басшысы. 

"Біздің күзетшіні ұрып-соққан Үндістан азаматтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үндістан азаматтарын ұрып-соққан күзетшілерімізге қатысты да қылмыстық іс қозғалды", - деді Қалмұханбет Қасымов.

Еске салайық, 2 қыркүйекте құрылысы жүріп жатқан "Әбу-Даби Плаза" кешенінде 20.35-те Үндістан азаматтары мен жергілікті жұмысшылар мен күзетшілердің арасында кішігірім келіспеушілік болған еді. ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, қақтығыс күзетшінің Үндістан азаматын мас күйде нысаннан шығаруға қарсы болғандығынан шыққан. Кейін ол отандастарын шақырып, күзетшіні ұрып-соққан, жергілікті жұмысшылар оған жақтасқан, салдарынан төбелес болған, оған шамамен 30 адам қатысқан. Оқиға орнына Үндістанның Қазақстандағы елшісі, жергілікті билік пен компания өкілдері келді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай