28 сәуір 2022 12:52

Тоғжанов халық табысын арттыру бағдарламасы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халық табысын арттыру бағдарламасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халық табысын арттыру бағдарламасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Құжатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жаңа Қазақстанды құру идеясына сәйкес азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс тапшылығын жою, жұмыс орындарын құру міндеттерін шешу жолдары қамтылған.

"Бұл - ең алдымен, халықтық бағдарлама. Сондықтан, бағдарламаны іске асыруда қоғамға танымал, елдің ішінде өзіндік орны бар азаматтар жетекшілік етеді. Олар, бүгін ортамызда, таныстырып өтейін: Эльдар Жұмағазиев, Саясат Нұрбек. Креатив индустрияны дамыту ісіне осы салада табысты жобаларды іске асырған азаматтарды тартамыз. Алмас Жали, Эмин Әскеров, Ырза Тұрсынзада, Рахым Ошақбаев", - деді Тоғжанов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бұл азаматтар бағдарлама жобасын әзірлеу кезеңінен бастап атсалысқан, барлығы да жұмысқа ақысыз негізде, азаматтық ұстанымымен қатысқан.

"Егер қоғамда осы бағытты тілек білдірушілер болса ұсыныстарды қарауға дайынбыз. Бастысы - ұсынылған жобалар біздің азаматтарымыздың нақты табысын арттырумен тікелей байланысты болуы керек", - деп толықтырды ол.

Тоғжанов осындай бастамалардың бірі Дәулет Мұқаев тарапынан ұсынылғанын айтып, ол жобаны мемлекеттік органдар іске асыру механизмін пысықтап жатқанын, алдағы уақытта ол жобаны кеңінен таныстыратынын айтты.

Вице-премьер жобаның нақты бағыттарына тоқталып, құжатта еңбек қызметінен түсетін табысқа тікелей әсер ететін мынадай шараларға қолжеткізуге бағытталғанын айтты.

  • бұл 1 миллионнан астам бюджет саласы қызметкерлерінің, квазимемлекеттік сектордың, өндірістік персоналдың еңбекақысын көтеру (дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік БАҚ қызметкерлері, квазисектордың өндірістік персоналы);
  • мемлекеттен қолдау алатын бизнеске нақты міндеттемелерді белгілеу арқылы, ондағы 2,8 миллион қызметкерлер жалақысын арттыру қарастырылған;
  • бағдарлама аясында экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 2025 жылға дейін 2 миллион жаңа жұмыс орындары құрылатын болады (оның ішінде қазірдің өзінде 100 мыңға жуық жұмыс орындары іске қосылды);
  • импортталатын азық-түлік тауарларын 100 пайыз отандық тауарлармен алмастыру іске асырылады;

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларының (29) негізгі түрлері бойынша отандық өндірістің үлесі 80 пайыз болған.

"Алты тауар бойынша импортқа тәуелдіміз (алма -74 пайыз, шұжық өнімдері - 56,4 пайыз, ірімшік және сүзбе - 56 пайыз, қант - 43 пайыз, ет, құс еті- 65,4 пайыз, балықтар - 66 пайыз). Импортқа тәуелділікті толық шешу үшін 900-ден аса инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 87 сүт-тауар фермасын, 14 ет комбинатын, 17 құс фабрикасын іске қосу, 6,6 мың гектар алаңда бақтар салу және қант зауытын салу және т.б.", - деді ол.

Сондай-ақ, ол ауыл халқын жұмыспен қамту - облыс, аудан және әрбір ауыл әкімінің басты міндеттерінің бірі екенін атты.

"Біз ауыл халқының өздерін, сондай-ақ жақын маңдағы қалаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасауымыз керек. Осылайша, ауылдардағы үй шаруашылықтарының табыс деңгейін арттырамыз. Қазірдің өзінде осындай жобалар іске асырылуда. Ақмола облысының Қарабұлақ ауылындағы 4 үй шаруашылығын (ЛПХ) біріктіретін "Ар-Ай" ауылшаруашылық өндірістік кооперативі (Баймакова Гульмайра Набиевна) көкөніс дақылдарын өсіріп (қияр, қырыққабат, қызылша, сәбіз, картоп, қызанақ) қасындағы Степногорск қаласын қамтамасыз етіп отыр.

Жамбыл облысында, Қордай ауданында 17 үй шаруашылығын (ЛПХ) біріктіретін "Экочикен" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (Сарсембаева Тоты Амантайқызы) тауық етін өндіру көлемін бір жыл ішінде 147 тоннадан 336 тоннаға дейін арттырды (өндіріс көлемін 580 тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр). Қазіргі уақытта "Экочикен" кооперативі өндірістік-сату тізбегін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр", - деді Тоғжанов.

Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрақты табысын қалыптастыру бағытына кешенді жұмыстар жүргізіледі.

"Бақытты отбасы" жобасы аясында 20 мың көпбалалы ана мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға біліктілігін арттырып, үйден шықпай-ақ табыс табуға мүмкіндік жасалады (Анықтама: 440 мың көпбалалы ана, 92 мың мүгедек бала бар). Жоба аясында әйелдер еңбек нарығында сұранысқа ие 14 мамандық бойынша қысқа мерзімді курстан өтіп, өз ісін ашу бойынша тегін консультациялар алады", - деді ол.

Былтыр осындай жоба Нұр-Сұлтан қаласында іске асырылған. Жоба арқылы 1500 әйел оқудан өтіп, оның ішінде 800-ден аса қатысушы кәсібін ашып, жүргізіп отыр. 160 мың жас азаматтар "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны" жобаларымен, 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде гранттармен қамтылады, деді Тоғжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram