20 қаңтар 2020 12:45

Тоқаев адамдарды қарулы бұзақыдан құтқарамын деп қаза тапқан полицейді марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Базарбаев. Сурет Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінен Дархан Базарбаев. Сурет Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінен

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында қызметтік борышын өтеу кезінде қайтыс болған полицейді марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында қызметтік борышын өтеу кезінде қайтыс болған полицейді марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын (марқұм)", - делінген Жарлықта. 

Қайғылы оқиға Қостанай облысының Тобыл қаласында болған. Патрульдік полиция экипажы отбасылық жанжалға байланысты түскен қоңырау бойынша барған. Бұзақыны ұстау кезінде полицей кеуде тұсына ауыр жарақат алып, қайтыс болған.  

Қайтыс болған полицейдің есімі - Дархан Базарбаев. Ол әріптесі Амангелді Сыздықовпен бірге мекен-жайға алты минутта жеткен. Тобыл қаласындағы екіпәтерлі үйдің бір бөлігінде бұрындары сотталған 28 жастағы жігіт тұрған, ал екінші жартысында оның әпкесі күйеуімен және баласымен тұрған. Мас күйде бұзақы оларды өлтіремін деп қорқытқан. Ол пышаққа жүгірген уақытта, туыстары есікті жауып, полицияға қоңырау шалған. Дархан Сыздықов бұзақыны қарусыздандырған, алайда өзі жарақат алғанын білмей қалған. Бұзақының туыстары қауіпсіз екеніне көз жеткізген уақытта ғана, ол өзінің жарақатына назар аударған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 1995 жылғы сержанттың қайтыс болғанын айтқан. Полицейдің төрт айлық баласы қалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети