24 желтоқсан 2022 16:43

Тоқаев Әлиевті телефон арқылы құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорданың баспасөз қызметі Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Президент бауырлас Әзербайжанмен достық және тату көршілік қарым-қатынас сипатындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуы айтылды.

Президенттер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекетті кеңейтуге бағытталған бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына жоғары баға берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети