18 наурыз 2021 13:40

Тоқаев Алматыда ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарын жеделдетуді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны дамыту жөніндегі кеңесте ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарын жеделдетуді талап етті. Ол жоба құны мен мерзімі бойынша түпкілікті ұсынысты 1 мамырға дейін мәлімдеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны дамыту жөніндегі кеңесте ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарын жеделдетуді талап етті. Ол жоба құны мен мерзімі бойынша түпкілікті ұсынысты 1 мамырға дейін мәлімдеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде экологияға, оның ішінде, екінші ЖЭО-ның қайта жөндеу жұмыстарының бағасын қымбаттатпауға және оны созбалаңға салмауға, үшінші ЖЭО-ны жаңғыртуға, жеке секторға газ тартуды аяқтауға, көліктерге жанар-жағармайдың таза түрлерін пайдалануға, қалдықтарды пайдаға жаратуға, Сайран суқоймасы айналасындағы аумақты абаттандыруға және қалпына келтіруге ерекше тоқталды.

"Үкімет жұмыс істеп тұрған энергетикалық қазандық агрегаттарын қайта құру арқылы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру жобасын мақұлдады. Енді ең бастысы - оның қымбаттауына және созбалаңға салынуына жол бермеу, өйткені бізде ауқымды жобаларда мұндай жиі кездеседі. Сондықтан мен барлық жұмыс жоспарланған ақшаға сәйкес жасалуын талап етемін.

Белгіленген ауыстыру мерзімі ұзаққа созылды деп есептеймін. Қала тұрғындары күте алмайды, жобаны іске асыруды жеделдету қажет. Үкімет, әкімдік пен "Самұрық-Қазына" қоры биыл 1 мамырға дейін техникалық жағынан және құны мен мерзімі бойынша түпкілікті ұсыныс енгізуі керек", - деді Тоқаев 17 наурыздағы кеңесте.

Президент қаладағы ауаны ластаудың тағы бір көзі ЖЭО-3 екенін де атап өтті.

"Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, оны жаңғырту жоспарын қабылдауды тапсырамын. Барлық мүмкін технологиялық нұсқаларды ескере отырып, мұқият талдау жүргізу қажет. Бұл жұмысқа ғылыми мекемелер мен сарапшыларды тарту қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық нормалардың сақталуы басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты екенін айтты.

"Қала орталығында және оның маңында қауіптіліктің бірінші санатына жататын 10 табиғат пайдаланушы жұмыс істейді. Бұл аталған кәсіпорындардың иелеріне үлкен жауапкершілік жүктейді және әкімдік пен үкімет тарапынан қатаң бақылауды талап етеді. Бұл - ортақ міндет", - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, қалалық ЖЭО-ны газға ауыстырудан бөлек, Алматы агломерациясының жеке секторына газ жүргізуді аяқтау қажет, бұл шамамен 108 мың үй.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети