24 тамыз 2019 13:23

Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын атап өу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын атап өу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында айтты.

"Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қарсаңында бастау керек", - деді Мемлекет басшысы "Ұлытау-2019" халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Ұлытау - қазақ халқының алтын бесігі.

"Халық осы қасиетті жерде сайланған хандарды ақ киізге көтерді. Сондықтан біз үшін Ұлытау қазақ жерінің орталығы болып саналады. "Ұлытау" ұлттық қорық-музейі халық игілігіне айналды. Ұлытау ауданының орталығында қазақ хандарының аллеясы ашылды. Сондықтан қазір біз шетелдіктерді халқымыздың баға жетпес бай мұрасымен таныстыруға көмектесетін жаңа жолдар ойлап табуымыз керек", - деп толықтырды Қазақстан Президенті.

Тоқаев Шыңғысханның тұңғыш ұлы Жошы ханның кесенесі Қазақстан аумағында орналасқанын барлығының біле бермейтінін атап өтті.

"Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети