Тоқаев анасы туралы естелігін бөлісті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Instagram tokayev_online Instagram tokayev_online

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аналар күні қарсаңында анасы Тұрар Шабарбаева туралы естелігін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аналар күні қарсаңында анасы Тұрар Шабарбаева туралы естелігін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін – Аналар күні! Осы орайда анам Тұрар Шабарбаева туралы аз-кем естелікпен бөліскім келеді. Төрт балалы біздің отбасы қарапайым тұрды. Анам ұзақ уақыт бойы белгілі себептермен жұмыс істемеді, ол кісі үй жұмысын атқарды. Жалғыз асыраушымыз әкей. Айлық жалақыдан бөлек, ол кей-кейде мақалалары мен кітаптарына қаламақы алатын. Мұндай күндері біздің үйде нағыз мереке орнайды", - деді Тоқаев әлеуметтік желіде.

Мемлекет басшысы анасы бар ғұмырын балаларына арнағанын айтты.

"Шешей ол кезде жас әйел бола тұра, көп нәрседен, оның ішінде әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын. Әрине, сәнді киініп, әсем әшекейлер таққысы келгені табиғи ғой, алайда бар өмірін перзенттеріне арнап, аналық парызын қысқа ғұмырының ақырына дейін атқарып өтті. Тіпті қымбат дүниелер алатындай мүмкіндік туған кезде де өзіне ұнаған заттарды немерелеріне әперумен шектелетін", - деп жазды Тоқаев.

Президент анасы әркез бағыт беріп, жол көрсеткенін де жазған.

"Өз өмірімнің Кеңес Одағы тарауымен тұспа-тұс келген сындарлы сәтінде анамның батыл қолдағаны ешқашан ұмытылмайды. Сол бір қауырт күндері Мәскеуде қалып, Ресей мемлекетінің Сыртқы істер министрлігінде қызмет істеу немесе елге қайтып оралуды анықтау қажет еді. Сонда анамның "Әкең тірі болса, саған бірден Қазақстанда қызмет ету керек дер еді" деп айтқаны есімде. Бұл сөз бұйрықтай болып естілді. Шешеміз, әрине, кейбір шенеуніктердің аяқастынан қисапсыз байып шыға келіп жатқанын білді, бірақ мұндай тіршіліктің баянсыз және ақыры жақсылыққа апармайтынын жалықпай айтып отырды", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, анасы қарапайым тірлік кешкен, көзі жұмылғанша көп нәрседен өзін шектеп отырған.

"Ылғи да ел алдында ұятқа қалмау үшін өзімді таза ұстауды, ешқашан көрсеқызарлыққа бармауды айтып кеңес беретін. Анам да үнемі мені қолдайтын. Бала күнімнен мен оның көптеген мағынасы терең мазмұнды әңгімелерін, ой-пікірі мен пайымдауларын тыңдап өстім ғой. Әңгімені жақсы айтатын және менің де ықыластана тыңдайтынымды сезген болар, сөйтіп өмірлік дүниетануыма өлшеусіз ықпал етті. Жан-жағыма байыпты қарап, ұстамды болуға, жақсыны үйренуге және одан тек пайдалысын алуға үйретті. "Күні бойы және кешке немен айналысатыныңды таңертеңнен ойлау керек. Жинақы жүру қажет, асып-сасқан адам сәтсіздікке ұшырайды" деп жиі айтатын", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Аналар күні атап өтіліп жатыр. Бұл мереке мамырдың екінші жексенбісінде аталып өтіледі және отбасы институтын нығайтуға, ана мәртебесін көтеруге бағытталған. Биыл бұл күн 11 мамырға сәйкес келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer