Тоқаев әнші Мақпал Жүнісова мен домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев әнші Мақпал Жүнісова мен домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Мақпал Жүнісованы және домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Мақпал Жүнісованы және домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, бүгін төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың рухани дүниетанымын байыту жолында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

"Қазір біздің ортамызда белгілі әнші әрі домбырашы Татьяна Николаевна Бурмистрова отыр. Ол жарты ғасырға жуық уақыт бойы қазақтың дәстүрлі өнерін белсенді түрде кеңінен дәріптеп, жас дарындарға үлгі-өнеге көрсетіп жүр. Бүгін мен Татьяна Бурмистроваға ең жоғары "Отан" орденін беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Сонымен қатар бүгін жезтаңдай әнші, халқымыз, әсіресе, әйелдер қауымы жақсы көретін өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі "Барыс" орденін тапсырамын. Михаил Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрының актрисасы Марина Юрьевна Ганцева III дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталады. Ол Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосты. Таланты мен көпжылдық еңбегінің арқасында театр өнерін бағалайтын көрерменнің ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленді. Кәсіби мереке күні мәдениетіміздің дамуына зор еңбек сіңірген бірнеше өнер қайраткеріне "Қазақстанның халық әртісі" атағы беріледі. Жалпы, биыл елімізде 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болады", – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы бірқатар театр мен филармонияға “ұлттық“ мәртебе беруді ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.26   548.16   6.65 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер