13 қазан 2022 10:53

Тоқаев АӨСШК VI саммитінің ашылуында мемлекет басшыларын құттықтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/bort_01 Фото:t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитінің ашылуында мемлекет басшыларын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитінің ашылуында мемлекет басшыларын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысқандарыңыз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін.

Биыл осы Кеңесті шақыру туралы бастаманың көтерілгеніне 30 жыл толды. Осы кезең ішінде бұл жиын көпжақты ынтымақтастық тұғырына және заманауи дипломатияның халықаралық институтына айналды»

Кеңеске 1999 жылы 15 мемлекет мүше болса, қазір олардың саны 28-ге жетті. Бұл, шын мәнінде, форумның Азия елдері және жалпы әлем қауымдастығы алдындағы беделі арта түскенін көрсетеді.

Біз Кувейттің Кеңеске мүше болып, қатарымызға қосылғанына өте қуаныштымыз", - дед Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети