20 сәуір 2022 13:21

Тоқаев археолог Виктор Зайберттің туыстарына көңіл айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Зайберт. Фото: Ботай Музей-қорығы/facebook.com Виктор Зайберт. Фото: Ботай Музей-қорығы/facebook.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті археолог ғалым, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті археолог ғалым, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы археолог ғалым Виктор Зайберттің жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған.

"Виктор Федорович бүкіл саналы ғұмырын археологиялық және қазба жұмыстарына, дала өркениетін зерттеуге арнады. Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы бірегей жаңалықтардың мәні мен маңызы, қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету және өсіру жөніндегі құнды деректер археолог ғалымның атымен тікелей байланысты.

Виктор Зайберт артына құнды ғылыми мұраларын қалдырды. Ол әріптестерінің арасында зор беделге ие болды. Сондай-ақ жас ғалымдарға үлгі-өнеге көрсетті", - делінген жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети