Тоқаев арнайы жарлыққа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев арнайы жарлыққа қол қойды Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен "Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойдым. Бұл құжат мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға, билік вертикалін нығайтуға және дағдарыс жағдайында, соның ішінде қажет болса салық саласында барлық қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді", - деді Президент телевизиялық үндеуінде.

Оның айтуынша, жарлық дәрі-дәрмектер мен басқа да құралдарды жеңілдетілген тәртіппен, негізінен отандық өндірушілерден сатып алуға құқық береді.

"Осылайша біз құнды уақытымыз пен қаражатты үнемдейміз, бұл төтенше жағдайларда өте маңызды", - деді Президент.

"Сақтанғанды құдай сақтайды". Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын. Ал 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялады

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9 адам. Соңғы оқиға кеше, 15 наурызда тіркелді. Вирус Алматыдағы 12 жастағы қыздан анықталды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети