03 қараша 2020 18:43

Тоқаев Австрия президентіне көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов Фото Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев террорлық актіге байланысты Австрия президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев террорлық актіге байланысты Австрия президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Бүкіл австриялықтар сияқты барлық дінге кереғар келетін, адами сенім мен ақылға сыймайтын мұндай жантүршігерлік зорлық әрекетке қарсымын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды. Осындай қаныпезер зұлымдыққа барған барлық кінәлілер жауапқа тартылады деп үміттенемін. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Осынау қаралы күндері Австрияның Федералдық Үкіметімен және халқымен біргеміз", - делінген жеделхатта.

Бұған дейін Тоқаев Венадағы атысқа қатысты пікір білдірген болатын. "Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек", - деп жазған еді Мемлекет басшысы Twitter-парақшасында. 

Еске салайық, мұның алдында терроршылардың Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Шабуыл салдарынан төрт адам қаза тапты. 15 адам жарақат алған, оның жетеуінің жағдайы ауыр. Оның біреуі - полиция қызметкері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети