20 қаңтар 2022 17:34

Тоқаев белгілі актер Төлеубек Аралбайдың жақындарына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбайдың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Аралбайдың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Төлеубек Мұхамеджанұлы қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында ұзақ жылдар қажырлы еңбек етті. Отандық кино мен телесериалдардың сәнін кіргізіп, актерлік шеберлігімен көрермендер көзайымына айналды. Ұстаз ретінде көптеген таланттың жолын ашты. Театр және кино өнерін өркендетуге мол үлес қосқан Төлеубек Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - делінген жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети