27 сәуір 2023 12:20

Тоқаев бейбітшілік пен достықты нығайтқаны үшін кімдерді марапаттады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапаттарды табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Тоқаев халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапаттарды табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн марапатталды IІ дәрежелі "Достық" орденімен:

  1. Ким Гера, "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ Азия зерттеулер институтының директоры;
  2. Ким Константин Станиславович, "Коре ильбо" республикалық газетінің бас редакторы.

"Құрмет" орденімен:

  1. Бугинас Бронислав Казисович, "Lituanica" литвалықтар ҚБ мүшесі;
  2. Микаелян Наринэ Гамлетовна, "Наири" Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы" РҚБ төрағасының орынбасары.

"Шапағат" медалімен:

  1. Кан Алина Александровна, "Сөйле" тілдесу клубының қазақ тілінің оқытушысы;
  2. Останькович Дмитрий Валерьевич, "Радима" беларусь мәдени орталығы" ҚБ төрағасы;
  3. Тумгоев Юсуп Лом-Алиевич, "Вайнах" шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы" ЗТБ мүшесі.

Сонымен қатар, Костенко атындағы шахтаның тау-кен жұмысшысы Даниель Дильге, блогер Иван Червинскийге және Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы достық елшісі Оборон-Туар Малгожатаға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети