03 қаңтар 2024 08:53

Тоқаев бейресми петицияға қатысты көпшіліктің алаңдаушылығына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне берген көлемді сұхбатында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция туралы айтты. Бұған дейін мыңдаған қазақстандық дауыс берген петицияның күші болмайтыны туралы айтылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне берген көлемді сұхбатында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция туралы айтты. Бұған дейін мыңдаған қазақстандық дауыс берген петицияның күші болмайтыны туралы айтылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

– Өткен жылдың қараша айында ер адамның әйелін өлтіруі қоғамда үлкен дүрбелең туғызды. Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны қатайту туралы бейресми петиция жарияланып, оған өте көп қол жиналды. Алайда "Петициялар туралы" заң биыл сәуір айында ғана күшіне енеді. Сондықтан бұл петиция заңсыз деген сөз шықты. Көпшілік "Жабулы қазан жабулы күйінде қалады" деп алаңдап отыр. Турасын айтыңызшы, Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуды қолдайсыз ба?

– Мен елімізде "заң мен тәртіп" қағидатының орныға түскенін қалаймын. Сондықтан нақты жауап берейін, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын. Сіз айтқан петиция заң талабына сай келсе де, келмесе де, азаматтардың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Оған күмән болмасын.

Сонымен қатар қоғамда озбырлық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбейтін түсінік қалыптаспаса, заңға енгізілген өзгерістерден аса қайыр болмайды. Жұрт зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны қатайтуды талап ете тұра, қылмыс әлеміндегі шытырман оқиғаларға таңдай қағып, фильмдердің заңды белден басатын кейіпкерлерін ғана емес, тіпті шынайы өмірдегі кәнігі қылмыскерлердің өзін пір тұтып жатады. Бұл жағдай бір-біріне мүлде кереғар және өте оғаш көрінеді. Солай емес пе?! Біз қоғамды ішінен ірітетін, адамгершілікке жат қылықтарды ақтауды көздейтін кез келген әрекетке және құқықтық нигилизмге тұтас ел болып тосқауыл қоюымыз керек.

Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресуі керек.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети