08 маусым 2023 18:00

Тоқаев: Біздің адамдар жаңа идеяларды қабылдауға бейімделуі керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен ІТ-технологияларды дамыту туралы айта отырып, цифрлық сауаттылыққа және білімге баса мән беруіміз қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен ІТ-технологияларды дамыту туралы айта отырып, цифрлық сауаттылыққа және білімге баса мән беруіміз қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Адами капитал шешуші рөл атқаратыны бәрімізге де мәлім. Бірақ цифрлық трансформацияға кедергі келтіретін де осы – адами фактор. Цифрлық үдерістерді басқару үшін цифрлық сауаттылыққа және білімге баса мән беруіміз қажет екенін түсінуге тиіспіз.

Түпкі мақсат – цифрлық өсімге бағдарланған креативті қоғам қалыптастыру. Біздің адамдар жаңа идеяларды қабылдауға, жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент экономикалық өсім туралы айтқанда, біз тек цифрлар мен көрсеткіштерге ғана емес, сапаға да мән беруіміз керек екенін айтты.

"Осы ретте Қазақстанның басты мұраты – келешектің цифрлық экономикасына көшу. Цифрлық интеллект индексіне (Digital IQ) сәйкес Қазақстан цифрландыру қарқыны бойынша 20-орында және цифрлық ортаны дамыту жөнінен анағұрлым перспективті елдердің қатарына кіреді. 2022 жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12 пайызға өсті. Отандық цифрлық өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Былтыр IT өнімдері мен қызметтер экспорты 5 есе ұлғайып, 333 миллион долларды құрады. Мақсатымыз – 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 500 миллион долларға дейін жеткізу. Дегенмен мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети