11 сәуір 2020 16:20

Тоқаев Джек Маға жомарттығы үшін алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қытайлық миллиардер және Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Маға Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен әлемге әйгілі кәсіпкер және халқымыздың жақсы досы Джек Ма мырзаға шын жүректен алғысымды білдіремін. Ол шын мәнінде, өте күрделі жағдайларда ынтымақтастықтың өте маңызды екенін көрсетті. Біз бірге міндетті түрде барлығын жеңеміз", - деді Тоқаев.

Еске салайық, 2020 жылғы 10 сәуірде Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) "Джек Ма" және "Alibaba" қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматыға жеткізілді.

Көлемі 4,5 тонна гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети