11 сәуір 2020 11:20

Джек Ма Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Джек Ма Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) "Джек Ма" және "Alibaba" қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді.

Көлемі 4,5 тонна гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар.

Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тестілерін және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети