12 сәуір 2020 11:29

Димаш Құдайберген Джек Маға алғыс білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық миллиардер және Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Маға Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық миллиардер және Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Маға Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Расында да бүкіл әлем елдеріне көмек көрсеткен жүрегі кең, мейірімді адам. Бүгінде ол Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Латын Америкасы және Африка елдеріне көмектесіп жатыр. Менің елімді де осы тізімге қосқаныңыз үшін рақмет сізге, Джек ма! Барлығы аяқталып, мейрам күндері және концерттерде ғана көрісеміз деп сенемін!", - деп жазды Димаш. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Джек Маға алғыс айтқан еді.

Еске салайық, 10 сәуірде Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) "Джек Ма" және "Alibaba" қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматыға жеткізілген болатын.

Көлемі 4,5 тонна гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети