13 мамыр 2021 17:05

Тоқаев ЕАЭО-ның бірыңғай тізбесіне енбеген өнімді реттейтін заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ның бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімді реттейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ның бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімді реттейтін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Келісімде міндетті талаптарды белгілейтін ЕАЭО өнімдерінің бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімнің, сондай-ақ осы тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты одақтың техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген өнімнің айналым тәртібі айқындалады. Қазіргі уақытта мұндай өнімдердің көлемі кемінде 15 пайыз.

Мұндай өнімнің қауіпсіздігін ЕАЭО заңнамасына сәйкес өнімді өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде өнімді дайындаушылар, сатушылар және импорттаушылар қамтамасыз етеді. Осыған қарамастан, Сенат баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, келісім бизнеске әкімшілік кедергілер тудырмайды.

"Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және капиталдың бірыңғай нарығын қалыптастыру үшін техникалық реттеу саласында бірыңғай қағидаттарды бекіту қажет. Бұл одаққа мүше елдердің кәсіпкерлері үшін тең жағдайлар жасау және адал бәсекелестікті қалыптастыру үшін қажет. Сонымен қатар, бұл тұтынушылар үшін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Қабылданған заң тауар айналымының тәртібін белгілейді, оны одақтың техникалық регламенттері реттелмейді. Нәтижесінде тұтыну нарығындағы тауарлар тобының қауіпсіздігін күшейтетін құқықтық негіз қалыптасады", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 15 сәуірде Палата отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети