12 қазан 2020 15:21

Тоқаев Эмомали Рахмонды президент болып қайта сайлануымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстан Республикасының президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, сайлау қорытындылары оның стратегиялық бағытына деген жоғары сенім мен бүкілхалықтық қолдаудың белгісі екенін атап өтті.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Тәжікстан президентінің екі ел арасындағы берік достық байланыстарды және стратегиялық әріптестікті дамытуға зор үлес қосқанын айтты.

Қазақстан Президенті бауырлас екі халықтың мүддесі жолында күш-жігер біріктіру арқылы көпжақты қазақ-тәжік ынтымақтастығы жаңа белестерге көтерілетініне сенім білдірді.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша бірлескен жұмысты белсенді жалғастыруға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық серіктестікті нығайту және қазақ-тәжік қатынастарына тың серпін беру мақсатында Эмомали Рахмонды өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Еске салайық, Бүгін Тәжікстандағы президент сайлауының қорытындысы жарияланды. Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Эмомали Рахмон сайлауда 90,92 дауыс жинаған. Ал сайлауға қатысқандардың жалпы саны 85,39 пайызға жеткен.

Тәжікстан астанасы Душанбеде президент сайлауының қорытындысы шыққаннан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети