1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев ғылым және мектеп директорларына шектеулер туралы заңға қол қойды 31 наурыз 2021, 17:07

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Түзетулердің бірі мемлекеттік мектептер, балабақшалар және басқа да
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Түзетулердің бірі мемлекеттік мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру ұйымдарының директорына қызметкерлерді жұмысқа алуы туралы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сенат депутаттары 4 наурызда өткен екінші оқылымда заң жобасын қабылдады. Бірінші түзету мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурстық негізде қабылдауға қатысты. Енді мұғалімді жұмысқа қабылдау туралы шешімді директор жеке қабылдамайды. Білім министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді тағайындаудың қолданыстағы жүйесі ашық емес екенін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барын түсіндірген болатын.

Екінші түзету мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бірнеше жылдан кейін лауазымын өзгертуге бағытталған.

"Бізде мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының көбінде мерзімсіз еңбек шарттары бар. Өз жұмысына берілген, мықты басшылар көп. Олар жылдар бойы жұмыс істеп, өте тиімді нәтиже көрсете алады. Бірақ ондай мамандар аз.

Алайда кәсіби күйзеліс, мотивацияның жоқтығы және басқа қызметкерлердің мансап сатысында көтерілуге деген ұмтылысының жоғалуы тәрізді мәселе бар. Сондықтан басшылар жылдар бойы бір орында отырады. Оның артықшылғы да, кемшілігі де бар. Енгізілетін өзгеріс үздік тәжірибе алмасу және тәжірибені басқа ұйымдарға ауыстыруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Заңның кейбір жаңашылдықтары ғылыми зерттеулердің кең спектрін республикалық бюджеттен қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл қолданбалы ғылыми жаңалықтардың санын, сондай-ақ ғылымның ел экономикасының дамуына қосқан үлесін арттыруға көмектеседі деп болжанған.

Заң ғылымды қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет пен зерттеу жұмыстарын коммерцияландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді және елімізде ғылымның дамуына ықпал етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



UFC рекорды жаңарды