Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындалуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындалуды тапсырды Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысына Қазақстан Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

Қанатбек Жайсанбаев Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық, ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ететінін баяндады.

Президент Халық Кеңесі Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Хатшылық басшысына Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын тиімді үйлестіруді тапсырды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты лайықты деңгейде жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +33
Ақтау +30
Ақтөбе +31
Атырау +35
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +29
П
Павлодар +24
Петропавл +32
С
Семей +31
Т
Талдықорған +33
Тараз +39
Түркістан +31
О
Орал +29
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер