08 желтоқсан 2020 16:03

Тоқаев халықты қайырымдылық саласындағы алаяқтардан қорғау мәселесін көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты қайырымдылық саласындағы алаяқтардан қорғау керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты қайырымдылық саласындағы алаяқтардан қорғау керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қайырымдылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қайырымдылық ұйымдарының тізілімін енгізу туралы мәселені қарастырған жөн. Ол осы саладағы қазіргі барлық ақпараттық жүйеге біріктірілуі керек. Ол қайырымдылық ұйымдарының қызметімен, олардың қаржылық есебімен танысқысы келетін кез келген адамға қол жетімді болуы керек", - деді Тоқаев Волонтер жылының жабылу рәсімінде. 

Сонымен қатар, Президент әр үшінші қазақстандық онлайн түрінде қайырымдылық жасайтынын айтты. 

"Азаматтарды электронды қайырымдылық саласындағы алаяқтардан қорғауға арналған жүйе құру да маңызды. Бүгінгі таңда бұл қаржылық көмек аударымдарының ең танымал түрлерінің бірі. Әр үшінші қазақстандық онлайн режимінде қайырымдылық жасауды жөн көреді. Халықтың сеніміне нұқсан келтірмей, алаяқтықты болдырмау үшін айналымға онлайн-банкинг арқылы айналымдық (жедел) қайырымдылықты енгізу қажет. Бұл қаражат ағымын бақылауға мүмкіндік береді", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети