Тоқаев жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді.

"Қазір біз бәріміз Әділетті, Күшті, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Қоғамның барлық саласында ауқымды және түбегейлі өзгерістер жасалуда. Біздің алға қойған мақсатымыз – айқын. Бұл – жас ұрпақтың игілігі үшін тұғыры берік, қуатты мемлекетті құру. Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум кезінде азаматтарымыз отаншылдық пен жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсетті. Медицина саласының мамандары да осы ортақ іске белсене атсалысты", - деді Президент.

Мемлекет басшысы саяси науқан барысында халқымыз біртұтас ұлт болып ұйысып, тарихи таңдауын жасағанын атап өтті.

"Жұртымыз ел тағдырына бей-жай қарамай, жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Бұл жарқын болашаққа жол ашатын аса маңызды шешім болғаны анық", - деді Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +31
Ақтау +31
Ақтөбе +27
Атырау +29
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +31
П
Павлодар +29
Петропавл +31
С
Семей +34
Т
Талдықорған +31
Тараз +33
Түркістан +26
О
Орал +32
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер