Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

18 Мамыр, 14:17
1

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының жарлықтарымен, Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы, Нажмедин Мұхаметәлі Оман Сұлтандығындағы, Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Индонезия Республикасындағы, Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Ал Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан және Ержан Серікұлы Мұқаш Оман Сұлтандығындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай