02 ақпан 2024 16:38

Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.

Наталья Годунованың айтуынша, есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді.

Сонымен қатар Президентке өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети