Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференция аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрі Хун Манетпен кездесті.

Мемлекет басшысы Қазақстан Камбоджамен берік достыққа және өзара құрметке негізделген серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін әлеует мол екенін атап өтті.

Президенттің пікірінше, тауар айналымын арттыратын перспективті бағыттар қатарына ауыл шаруашылығы, тоқыма өндірісі, туризм, құрылыс, тағам өнеркәсібі, көлік-логистика салалары кіреді. Атап айтқанда, еліміз бидай, тыңайтқыш және басқа да аграрлық өнімдер тасымалын ұлғайтуға әзір.

Бұдан бөлек, БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексіндегі үздік 24 елдің сапына енетін Қазақстан озық технология саласындағы тәжірибесімен бөлісе алады.

Премьер-министр Хун Манет Камбоджаның Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін растады. Ол екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызына тоқталып, бірлескен жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында Президент пен премьер-министр жаһандық және аймақтық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК қызметіне қолдау көрсеткені үшін Камбоджа тарапына ризашылық білдірді. Сондай-ақ премьер-министрге Астананың БҰҰ жанынан Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастама көтергенін айтты.

Кездесу соңында Хун Манет Қазақстан Президентін өзіне қолайлы уақытта Камбоджаға сапармен келуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +37
Астана +31
Ақтау +31
Ақтөбе +28
Атырау +32
Б
Балқаш +37
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +44
Қызылорда +31
П
Павлодар +27
Петропавл +35
С
Семей +41
Т
Талдықорған +42
Тараз +44
Түркістан +23
О
Орал +32
Ө
Өскемен +44
Ш
Шымкент +36

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер