Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.
"Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын", – делінген жеделхатта.
Не болды?
Жексенбі, 21 маусым күні кешке Қатардағы Рас-Лаффан газ кешенінде жарылыс болды. Бұл сұйытылған табиғи газды өндіру және экспорттауға арналған әлемдегі ең ірі орталық.
Қатар Энергетика министрлігі мен QatarEnergy мемлекеттік компаниясы 13 адам қаза тапқанын ресми түрде растады. Тағы 66 қызметкер әртүрлі деңгейде жарақат алған (зардап шеккендер арасында көптеген шетелдік маман бар). Оқиға орнында ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қатар энергетика министрі Саад әл-Қааби шұғыл баспасөз мәслихатында бұл оқиға сыртқы шабуыл немесе диверсия емес, ішкі техникалық (пайдалану) ақау екенін атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!