Тоқаев Қазақстан германиялық бизнеске қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Қазақстан германиялық бизнеске қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасымен стратегиялық серіктестікті дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Германия – еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.

"Екіжақты сауда және инвестициялық ықпалдастықта оң динамика байқалады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 8 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Оның басым бөлігі шикізаттық емес секторға тиесілі. Бүгінде елімізде неміс капиталының үлесі бар мыңнан аса компания табысты жұмыс істейді. Олардың арасында CLAAS, Horsch, Siemens, BASF, Heidelberg Materials, Siemens Energy, Knauf және Linde сияқты өнеркәсіп алпауыттары бар", – деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі


Президент Қазақстан тарапы германиялық бизнестің біздің нарыққа көбірек келуі үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер туралы әңгімеледі.

Жаңа Конституцияда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және өркендеген мемлекет ретінде даму бағытын айқындайтын негізгі қағидаттар көрініс тапқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 479.98   545.53   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +19
Ақтау +21
Ақтөбе +14
Атырау +18
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +23
П
Павлодар +16
Петропавл +25
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +26
Түркістан +17
О
Орал +20
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер