05 шілде 2023 16:44

Тоқаев Қазақстан мен Stadler арасындағы келісім туралы: Ерекше қадағалаймыз

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцарияның федералды кеңесшісі, сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцарияның федералды кеңесшісі, сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас достық пен ынтымақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Швейцарияның Алматыдағы Құрметті консулдығы қызметінің басталуымен құттықтады. Оның ресми ашылу рәсіміне Иньяцио Кассис қатысты.

Мемлекет басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда және экономикалық серіктестерінің бірі екенін айтты. Қазіргі уақытта Швейцария Қазақстанның жетекші 20 сауда серіктесінің қатарына кіреді. Елімізге жалпы көлемі 32,5 миллиард доллардан астам инвестиция құйған үш ірі инвестордың бірі.

"Біз Қазақстан экономикасының перспективті салаларына инвестиция құюға дайын жаңа швейцариялық компанияларды қолдаймыз. Қазақстан Үкіметі мен Stadler теміржол концерні арасында қол қойылған келісімнің келешегі зор деп ойлаймын. Сондықтан осы мәміленің жүзеге асырылу барысын ерекше қадағалаймыз. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың дамуына тың серпін береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті Ален Берсеге ізгі тілегін жолдады.

Иньяцио Кассис екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі даму деңгейіне оң баға беріп, оны нығайту ісіне атсалысуға дайын екенін жеткізді. Швейцарияның Сыртқы істер министрі елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.

"Екіжақты сауда мен инвестиция тығыз байланыстарымыздың маңызды бағыты саналады. Өзіңіз айтқандай, егер Швейцарияның жеке компаниялары сіздің еліңізге инвестиция құйса, бұл реформаларыңыздың табысты жүзеге асуына, сондай-ақ қаржы салу үшін жасалатын жағдайдың жақсаруына ықпал етеді", – деді министр.

Әңгімелесу барысында өңдеу өнеркәсібі, сауда және логистика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, қаржы қызметтері, цифрландыру, білім беру салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар кездесуде халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети