01 қаңтар 2022 00:11

Тоқаев қазақстандықтарды 2022 жылы не күтіп тұрғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 2022 жылы не күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 2022 жылы не күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы жаңажылдық үндеуінде Қазақстан Тәуелсіздігінің төртінші онжылдығы "жан-жақты жаңғыру мен жаңару кезеңіне" айналуға тиіс екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар негізі халық мүддесі мен қамқорлығына арналатынын айтты.

"Жаңа жылда ЕТЖ және ең төменгі күнкөріс деңгейі ұлғаяды. Жаңа үйлер мен жолдар салынады. Біз шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, таза энергетиканы, ауыл шаруашылығын, технологиялық индустрияны дамыту бойынша жұмысты күшейтеміз. Әлеуметтік инфрақұрылымды: мектептерді, ауруханаларды, мәдениет және спорт объектілерін жақсарту жалғасады. Экономика мен әлеуметтік өмірді цифрландыру жаңа серпін алады. 300-ден аса ауыл әкімін сайлау өтеді. Полиция азаматтардың сенімін арттыру үшін жұмыстың сервистік моделіне көшеді. Сондай-ақ, құқық қорғау және сот жүйелерін реформалаумен айналысамыз. Жалпы, елдің саяси және экономикалық жаңғыруы жалғасады", - деді Президент.

Ол, сондай-ақ, коронавирус пандемиясы әлі бітпегенін, сондықтан Қазақстанда жаппай вакцинация мен ревакцинацияны жалғасып жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуінің толық видеосын мына сілтеме бойынша көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети