30 тамыз 2021 08:38

Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының Конституциясы

Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті отандастар!

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!

Атазаңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі.       

Конституция мемлекетіміздің заң жүзінде және саяси тұрғыдан демократия қағидаттары мен заң үстемдігін ұстанатынын айғақтайды. Сондай-ақ ұзақ мерзімді даму бағдарымызды айқындайды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және тікелей атсалысуымен әзірленген еліміздің бас құжаты әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміздің және қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ауқымды реформаларымыздың берік тұғыры болып саналады.

Конституциямыздың ұлағатты ұстанымдары экономикалық дағдарыстарды батыл еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басуымызға жол ашады.        

Біз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мызғымас құндылықтарға сүйене отырып, әділ мемлекет құрамыз. Басты мақсатымыз - халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру.

Атазаңымыз ел бірлігін және адамның ар-ұжданы мен абыройына қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез-келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Тәуелсіздік рухы әрбір жолында көрініс тапқан Конституциямызға құрмет халқымызға тән отаншылдықтың арқауына айналып отыр.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!", - делінген құттықтауда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети